733ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ

     ҚР Тәуелсіздігінің 31 жылдығы құрметі аясында Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі мен Қызылорда технология және қызмет институты білім алушылары арасында «Кім тапқыр» білім сайысы өткізілді.

20-ға жуық студент қатысқан сайыстың қазылар алқасының құрамы: 1. Қалила Гүлдана Ақылбекқызы – Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі Қоғамдық комиссиясының төрағасы; 2. Адамбаева Айжан Сұлтанбекқызы – қызылорда технология және қызмет институты «Құқықтану» мамандығының оқытушысы; 2. Батыржан Бауыржанұлы – Шығармашылық бағыт бойынша білім алушылар жетекшісі.

     Іс шараны жоғары деңгейде алып шыққан ұйымдастыру комитетінің құрамы: 1. «Гуманитарлық-экономикалық пәндер» бірлестігінің оқытушысы Орынбасар Жарасқанұлы; 2. Қызылорда технология және қызмет инстиуты Жастар ісі жөніндегі комитетінің жетекшісі Туребай Томирис Қанатқызы; 3. Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі Студенттік Парламенті Президентінің ұйымдастыру бағыты бойынша орынбасары Ықыласбекова Аруназ Ерланқызы.

     5 бөлімді қамтыған сайысқа жалпы саны 6 топ бақ сынады. Тапқырлығымен көзге түскен үздік топтар мен студенттер арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды.

734

735